Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізу шартына әзірге қол қойылмаған

«Қазақстанға американдық Pfizer екпесін жеткізу келісім-шартына әлі қол қойылған жоқ. Бұл мәселе алдағы уақытта шешіледі».

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.

Айтуынша, вакцинаны елге әкелу, тасымалдау жайы қарастырылып жатыр. Келісім-шартқа қол қойылса, екпені елге жеткізу кестесі құрылады. Бастапқы жоспар бойынша бұл препарат қазан айында қазақстандықтарға салына бастауы тиіс еді. Бұл вакцина тек 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге егіледі деп жоспарланған. Қазір қазақстандықтарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген CoronaVac, VeroCell, сондай-ақ Ресейдің «спутнигі» мен отандық «казвак» екпесі салынып жатыр.

Сондай-ақ...