424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанайда қазақ мектептері ашылды

  • 139
  • UPD: 22:01, 02.09.2021

Қостанай облысында жаңадан екі қазақ мектебі пайдалануға берілді. Соның бірі Қарасу ауданында ашылды. Үш жүз жиырма орынға шақталған оқу ордасында сапалы білім алуға бар жағдай қарастырылған. Оқушылар үшін барлық құрал-жабдық соңғы үлгіде жасалған. 

Қазақ мектебі бір жылдың ішінде бой көтерді. Оның құрылысына 1 млрд 200 млн теңге жұмсалды. Білім ордасында озық құрал-жабдықтың бәрі бар. Инклюзивті білім беруге де жағдай жасалған. 

Айгүл Арғынғазина, Қарасу негізгі мектебінің директоры:

–Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында талай жыл армандаған жаңа ғимаратқа көшіп отырмыз. Осы ғимаратта құрметті оқушылар сіздерді тамаша пәндік кабинеттер, бай кітапхана, ұядай жылы сыныптар күтіп отыр.

15 бүлдіршін әліппені аталмыш мектепте оқиды. Кішкентай шәкірттердің алғашқы ұстазы Гүлнұр Болатбаева жаңа білім ордасы барша қарасулықтар үшін ерекше сый болғанын айтады.             

Гүлнұр Болатбаева, бастауыш сынып мұғалімі:

– Менің сыныбымда 15 оқушы бар. Былтырғы бірінші сыныпқа қарағанда биыл екі есеге көп. Биылғы бірінші сыныппен жалпы алғанда төртінші түлегім болады.

Қарасудан бөлек Бейімбет Майлин ауданында да қазақ мектебі бой көтерді. Оларды бала санымен толтыруда еш қиындық туындамаған.

Архимед мұхамбетов, облыс әкімі:

– Соңғы жылдары жаңа мектептердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мысалы биыл Қостанайда сыйымдылығы 900 орыннан болатын екі мектептің құрылысы жүргізіліп жаты. Қарабалық ауданының орталығында осындай 320 орынға арналған  мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы екі-үш жылда біз 8 мың оқушыға арналған 13 мектепті тапсырамыз.

Жалпы, облыста үш ауысымды және апатты жағдайдағы білім ұяларының мәселесі толық шешімін тапты. Оларды жаңғыртуға биыл 6 млрд теңге бөлінді.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы