БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан топ қолға түсті.

Олар 11 адамға 3 миллион теңгенден астам қаражат көлемінде залал келтірген. Жергілікті полицияның мәліметінше, Теректі ауданының 17,18 және 22 жастағы тұрғындары осы жылдың мамыр айынан бері өзара келісіп, бөтеннің малын ұрлауымен айналысыпты. Күдіктілердің 11 қылмысқа  қатысы бары анықталып отыр.

Мөлдір Садырғалиева, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

– Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-1 бабы 3 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті азаматтарды өздерінің малын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Бұл жерде олар жеңіл олжа болуы мүмкін.