425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жұмыс берушілер «медициналық сақтандыруға» салғырт қараған

  • 106
  • UPD: 20:51, 02.09.2021
Жұмыс берушілер «медициналық сақтандыруға» салғырт қараған

Шығыс Қазақстанда 300 мың тұрғын медициналық сақтандыруға ілікпей қалды.

Осылайша өнеркәсіпті өлкенің үштен бір бөлігі кәсіби көмек игілігінен қағылып отыр. Ал аймақтағы зауыттар мен фабрикаларда еңбекті қорғау талаптарын бұзу жағдайлары жиі тіркеледі. Тек биыл мұндай 7 мың дерек анықталды. Яғни жұмыс орнында түрлі жарақат алып, көмекке мұқтаж болғандар жетерлік деген сөз. Алайда олар бірнеше тегін медициналық қызметтерден құр қалады. Жұмысшылардың сақтандырусыз қалуы жұмыс берушілердің қаржылық салғырттығынан туындап отыр дейді мамандар. Мәселен облыста 3700 кәсіпорын әлеуметтік төлемді уақтылы аудармаған. Берешек сома 22 миллион теңгеден асып жығылды. Кәсіпкерлер қол астындағы қызметкері еңбек демалысына кеткен кезде әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын кешіктіріп отырған.

Ғалымжан Әбілов, Әлеуметтік сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры:

– Еңбек демалысы кезінде бұл төлемді жасауда жүйесіздік байқалып отыр. Салдарынан жұмысшылар тек медициналық мекемеге жүгінген кезде ғана «сақтандыру» жоқ екенін біліп, сан соғады. Дегенмен біз енді өз тарапымыздан қажетті көмек көрсетіп, «уақытша сақтандыру» мәртебесін берудеміз. Ары қарай емделуші мәселені өзінің есеп бөлімімен шешуі керек.

Хабар 24 телеарнасы