Covid-19: балалардың 85% ауруды жеңіл өткізеді

Елімізде балалар арасында ковид жұқтыру дерегі 5 есе көбейді. Вирустың мутацияға ұшыраған түрлерінен келер қауіп те артты. Инфекциялық дәрігер Динагүл Баешева осылай дейді.

Әсіресе, «Дельта» штамы балаларға тез жұғатын көрінеді.

Еске салайық, бүгінге дейін республика бойынша 55 мыңнан астам бала ауырған.

Короновирус жұқтырған балалардың 85 проценті ауруды жеңіл түрде өткізеді. Маманның айтуынша, бұл індет тек онкологиялық дертке шалдыққан және иммун тапшылығы бар балалар да ауырлау болады.

Динагүл Баешева  Қазақстанның штаттан тыс бас инфекциялық дәрігері:

– Біріншіден, бала ауырып қалса, ата-ана қорқыныш сезіміне бой алдырмау керек. Короновируспен жеңіл түрде ауырғанның өзінде 4 аптадан кейін ковидке ұқсас баланың иммундық жүйесімен байланысты ауырлау түрі де бар. Оны ескеру керек.