«Қазақстан Медиа Альянсы» «Хабар 24» телеарнасының журналисімен болған оқиғаны назардан тыс қалдырмауға шақырды

«Қазақстан Медиа Альянсы» «Хабар 24» телеарнасының журналисімен болған оқиғаны назардан тыс қалдырмауға шақырды

«Қазақстан Медиа альянсы» қоғамдық бірлестігі Алматы әкімдігінде республикалық «Хабар 24»  телеарнасының журналисімен болған оқиғаны назардан тыс қалдырмауға шақырды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында Қанат Сахариянов БАҚ-ты дамыту жөніндегі мәселелерді Ұлттық Кеңестің келесі отырыстарының күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда сапалы заңдар бар, бірақ олардың орындалуы ақсап тұр. Кейбір билік өкілдерінің, қоғам мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарына деген қарым-қатынасы қасаң әрі қатаң. Сондықтан жергілікті шенеуніктер журналистерге деген осындай көзқарасқа жол береді.