Онлайн санақ: екі күнгі нәтиже бойынша Павлодар облысы көш басында

Аймақта 16 мың 75 адам санақтан өткен. Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметіне сүйенсек, жалпы елде 93 504 респондент онлайн санаққа қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 83 188-і sanaq.gov.kz сайтында, 8 мың 639 адам, Egov порталындағы сілтеме арқылы жауап берген. Ал 1677 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы енген. Белсенділік жағынан Нұр-Сұлтан қаласы екінші орында тұр. Елордалықтардың 15 мың 509-ы санақ сауалдарына жауап берген. Ал Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындарының белсенділігі төмен. Бұл өңірлерде сәйкесінше 1406 және 1230 адам санақтан өтіпті. Ұлттық статистика бюросы sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы жұмыс істейтінін хабарлайды. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюлердің сауалдарына жауап бере алады. Сонымен қатар 14-46 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.