Биыл 61 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған

Сөйтіп елдегі жұмыс күші 10 млн адамға жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 75 мыңнан аса адам қашықтан жұмыс істеп жатыр. Мамандар соңғы өзгерістер нәтижесінде фриланс сияқты икемді жұмыс түрлері трендке айналғанын айтады. Біліктілік құрылымның экономикалық жағдайға және еңбек нарығының шынайылығына әсер етері хақ. Техник, қарапайым жұмысшы және өнеркәсіп, құрылыс, сондай-ақ көлік саласында жұмыспен қамтылғандар көбейді. Бір жылда жұмыссыздар саны 2,5 мың адамға азайды.