Қарағандыдағы Федоров су қоймасына тұқы балығының жеті мың шабағы жіберілді

Балықты еріктілер өз ақшасына сатып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жылдары бұл тоғанда браконьерлердің кесірінен балық саны азайып, санитарлық жағдайы нашарлаған. Ал тұқы балығы жоқтың қасы дейді мамандар. Сондықтан осы балық түрі таңдалған. Балықтың бұл тұқымы Арқаның аязына төзімді, әрі тез көбейеді екен. Ал шабақтың өсімін сақтау үшін 4 жылға дейін қармақ салмаған абзал.

Артем Квитко, балықшы:

– Су қоймасындағы эко тепе-теңдікті сақтау үшін еріктілер бірігіп, осындай шешімге келдік. Болашақта балаларымыз алысқа бармай-ақ, осы жерге келіп балық аулап, демалса деген ниетіміз бар. Бұл бастамамыз әлі де жалғасады. Өзге азаматтарға үлгі болса екен дейміз.