Елорда тұрғындарының қан тапсыруы үшін донорлық автобус ұйымдастырылды

Қан тапсыруға ниет білдірген елорда тұрғындары 3 қыркүйекте ұйымдастырылған мобильді станцияда донация процесінен өте алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласының қан орталығының донорлық автобусы азаматтарды қан тапсыру үшін қабылдайды. Мобильді станция қалалық әкімдік ғимаратына қарама-қарсы, яғни Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайындағы қалалық алаңда орналасатын болады.

Дәрігер-терапевт пен медбике адамның қан тапсыра алатынын тексереді. Жылжымалы қан құю станциясы донор мен персонал үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Онда сіз тез және барлық санитарлық талаптарға сәйкес біреудің өмірін сақтай алатын қан тапсыра аласыз.

«Әркімнің өмір сүруге құқығы бар! Қала тұрғындарының мұндай сәтті пайдаланып, игі іс жасауға тамаша мүмкіндігі бар. Қан тапсыру арқылы сіз өмірді сақтап қана қоймай, денсаулығыңызға аздап бақылау жасай аласыз. Өйткені, бұл ағза үшін де пайдалы», – деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Аталған іс-шараны елорда әкімдігі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласының қан орталығы бірлесіп ұйымдастырды.