Алматыда медициналық анықтамасы бар адамдар «Ashyq» нысандарына кіре алады

Алматыда ертеңнен бастап карантин талаптары жеңілдейді. Сол себепті демалыс күндері сауда орталықтарына жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Жасыл мәртебесі бар тұрғындармен қатар вакцинаға қарсы көрсетілімі бар адамдар да сауда үйлеріне кіре алады. Бұл туралы Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Барлық азаматтар «Ashyq» қосымшасын қолдануы тиіс.

Бекшиннің айтуынша, соңғы жеті күнде ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар және екпеге қарсы медициналық көрсетілімдері бар тұрғындарға «жасыл статусы» беріледі. Қаулы бойынша енді Ashyq қатысушылары түнгі 12-ге дейін, ал оның лидерлері сағат түнгі 2-ге дейін жұмыс істей алады.

Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

- Медотвод дейміз сондай анықтамалары бар кісілер, олар да «жасыл мәртебемен» істеп жатқан «Ашық» объектілеріне кіруге мүмкіндіктері бар. Ол үшін анықтамасын көрсетуі керек. Созылмалы аурулар, аллергия , екпені алуға болмайтын аурулар болады. Сондай-ақ жүкті әйелдер, бала емізіп жатқан әйелдер. Олар да кіреді. Бірақ олардың қолында анықтама болуы керек.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын атап өтті. Соңғы 2-3 күнде ковид жұқтырғандар саны 1600-ден 1300 адамға дейін азайған. Ай соңына дейін бұл көрсеткіш 500-ге дейін түседі. Ал қазан айында тәулігіне 100-200 адамнан ғана коронавирус анықталуы мүмкін деген болжам бар.

Сондай-ақ...