Ақмола облысында 4,5 мың тауық қырылып қалды

Ақмола облысындағы құс фабрикаларының бірінде 4 жарым мыңнан астам тауық қырылды. Соның салдарынан кәсіпорындағы өндіріс 3 айға тоқтады.

Жергілікті шаруалардың айтуынша, азықтың жетіспеуі мен жұмыртқаға деген сұраныстың төмендеуі жағдайды қиындатып отыр. Осыған байланысты олар қалған құстарды сатуды жоспарлады.

Айта кетейік, кәсіпорын 1 айдан бері шығынға батып келеді.  

Ағыбай Сыздықов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Алдын ала ақпарат бойынша құс шығыны тиісті күтімнің болмауынан туындаған. Қазіргі таңда ауданның ветеринарлық қызметі кәсіпорын қызметін тексеріп, нақты қорытынды шығару үшін сынамалар зертханаға жөнелтілді.