Павлодарда 245 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Павлодардың мектептерінде өрт қауіпсіздігі сақталмайды.

Дабыл қағатын құралдар істен шыққан. Электр сымдарында ақаулық бар. Ал өрт болған жағдайда шығатын терезелерде темір тор тұр. Ертіс өңірінің төтенше жағдайлар қызметі 268 білім беру нысанын тексеріп шықты. Сөйтіп өрт қауіпсіздігі ережесіне қатысты екі мыңға жуық деректі тіркеді. 245 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, оларға олқылықты жою міндеттелді. 25 іс бойынша жауаптыларға 800 мың теңге айыппұл салынған.

Оразбек Уәлиханов, облыстық тжд өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

–  250 объектіде бақылау, тексеру жүргізілді. Оның 205 объектісінде бұзушылықтар толық жойылды. Ал 45 мекемеде бұзушылықтар жойылмаған. Ол ретте әкімшілік іс қозғалды. Сот органдарына жолданды. Қазіргі таңда 42 әкімшілік іс қозғалды, сомасы 11 млн. 84 мың теңгені құрайтын. Үш іс қаралуда.

Сондай-ақ...