Атырауда коронавирус жұқтырған екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуованың мәліметінше, биылғы қаңтардан бері 2 283 бала қауіпті вирусқа шалдыққан.

«Жыл басынан бері 141 бала стационарларда емделген. Оның ішінде 3 бала жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір инфекциялық стационарда 10 бала емделіп жатыр. Жансақтау бөлімінде оқшауланған 2019 жылғы бір баланың жағдайы ауыр»,– дейді Жанар Садуова. Оның мәліметіне сүйенсек, қазір 389 бала амбулаторияда бақылау арқылы емделуге жіберілген.