Алматыда карантин жеңілдетілді

Алматыда бас мемлекеттік санитария дәрігерінің карантинді жеңілдету туралы жаңа қаулысы күшіне енді, - деп хабарлайды Хабар 24.

Қаулыға сәйкес, 4 қыркүйектен бастап Ashyq қатысушылары демалыс күндері жұмыс істей алады. Қарапайым мүшелер - 00.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары - 02.00-ге дейін мәртебесі «жасыл» адамдарды ғана кіргізеді. 

Ал 6 қыркүйектен бастап жұмыс күндері қарапайым Ashyq қатысушылары үшін жұмыс уақыты 00.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары үшін 02.00-ге дейін ұзартылады.

Бұған дейін Бекшин өзінің қаулысына сәйкес көптеген бизнес нысаны демалыс күндері «жасыл» мәртебесі бар келушілерге ашылатынын айтқан болатын. Алайда вакцина алмаған немесе жақын уақытта ауырмаған мәртебесі «көк» адамдар бұл нысандардың көпбіне кіре алмайды.

Сондай-ақ, Алматының бас санитария дәрігері соңғы жеті күнде нәтижесі теріс ПТР-тесті бар немесе медициналық анықтамасы бар адамдарға «жасыл» мәртебе берілетінін хабарлады.