425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда қарулы күдікті ұсталды

  • 163
  • UPD: 13:51, 04.09.2021

Елордада көлігінен қару мен оқ-дәрі табылған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Тәртіп сақшылары кеше, екі кештің ортасында күдік туғызған көлікті тоқтатып, оның ішінен қару тапты. Оған қоса оқ-дәрі мен 4 пышақ болған. Күдікті – 32 жастағы азамат. Ол елордадағы Баршын көшесінің бойында ұсталған. Қарудың, тіпті көліктің де құжаты жоқ болып шықты. Ал күдіктінің өзі бұған дейін де істі болғаны анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы