423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаңа қаулы:15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе алу науқаны басталады

  • 294
  • UPD: 13:11, 04.09.2021
Жаңа қаулы:15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе алу науқаны басталады

15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе алу науқаны басталады. Елдің Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов осындай құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Хабар 24.

Міндетті вакциналаудан бірінші кезекте медициналық қызметкерлер өтеді. Сонымен қатар, екпені денсаулық жағдайына байланысты осал топқа жататын азаматтар алады. Олардың арасында диспансерлік есепте тұрған балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер мен қарттар үйінің қариялары бар.

Хабар 24 телеарнасы