Елордада ШҚО шаруаларының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елордаға артынып-тартынып Шығыс Қазақстан облысының шаруалары жетті.

Жәрмеңкеге жалпы құны 356 млн теңгеге жуықтайтын өнім жеткізілген. Оның 45 тоннасы жылқы еті.

Биыл батыстағы жағдайды айтсақ, мал азайды, жем-шөп аз. Кішкене өсіру керек сияқты бағаны.

Шығыстан жеткен өнімнің жалпы салмағы 225 тонна дейді ұйымдастырушылар. Азық-түліктің ішінде 150 тоннасы көкөніс пен жеміс-жидек. 40 тоннасы бал. Сонымен қатар қымыз, сүт, өсімдік майы, балық, шұжық өнімдері бар.