Шымкентте жұрттың жылуға қарызы 231 млн теңгеге жетті

Шымкентте жұрттың жылуға қарызы 231 млн теңгеге жетті

Тұтынушылардың қарызы 231 млн теңгеге жетті. Шымкентте қала тұрғындарының көпшілігі жылу ақысын жылдар бойы төлемеген.

Енді жылумен қамтамасыз ететін компания елдің берешегін сот арқылы өндірмек. Өйткені қазандықты жылытуға газ сатып алу керек, әрі жұмысшылардың жалақысын төлеу керек. Борышкерлердің көпшілігі қаланың Еңбекші ауданында тұратын жеке үйлердің иелері. Олардың арасында жылуға қарызы 500 мың теңгеден асып кеткендер бар.

Ал  мамандар: «Коммуналдық қызмет ақысы уақытылы төленбесе, сот арқылы өндіріледі. Ол кезде борышкерлердің шығыны тағы артады», - дейді.

Асқар Бөлешов, «Қуатжылуорталық» мекемесінің бөлім басшысы:

- Абай ауданы бойынша 33 млн, Аль-Фараби ауданы бойынша 70 млн, Еңбекші ауданы бойынша 72 млн, Қаратау ауданы бойынша 54 млн. Бұл дебиторлық қарызды өндіру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда 112 млн сотқа берілді. Жұмыстар жалғасып жатыр.