Павлодарда құстар көрмесі ашылды

«Ертіс» мультимедиалы музейінде «Менің арманым құстар» көрмесі өтті. Мұнда осы  өңірді мекендейтін құстардың суреттері қойылған.

Арасынан  Қызыл кітапқа енген және сирек кездесетін құс түрлерін  көруге болады. Әуесқой фотосуретші Кәрімжан Жәкенов қанаттылардың өмірін зерттеп, оларды объективке түсірумен айналысады. Бұл осымен бесінші рет өткізіліп жатқан көрме. Көрермен алпысқа тарта құс суретін тамашалай алады. Қызыл кітапқа енген ақбас тырналар мен  дала бүркіттері, сұңқылдақ аққулар Павлодар облысында сақталған. Көрме авторы сәтті кадрларды түсіруге уақытының көп бөлігін арнайды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан кейде жүздеген шақырым жол жүруге тура келеді дейді өзі. Көрмеге келушілер  Ертіс өңірін  мекендейтін құстардың суреттерін тамашалап қоймай, олардың өмірі жайында да тың мағлұматтар  алады.

Кәрімжан Жәкенов, әуесқой суретші:

- Ұясында отырған дала  бүркіттері қызыл кітапқа енген құс түрі. Күн ыстық кезде олар балапандарына күннен қалқа жасап отырады. Маған осындай ғажайып көріністі түсіру бақыты бұйырды. Қанаттарын керіп көлеңке  жасайды. Бұл Баймолдин ауылында түсірілген сурет. Құстардың ұясы. Мынау міне суыр. Осындай әдемі сәттер.