Атырауға жаңа 50 трансформатор орнатылды

Атырау қаласында биыл 50 жаңа трансформатор орнатылды. Қазір кернеулік желілерді ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

Сөйтіп, электр қуатына деген тапшылық жойылады. Соңғы жылдары ескі трансформаторлар мен желілер сыр беріп, шағын аудандар мен 12 елді мекенде, электр қуатына тапшылық туындаған еді. Тұрмыстық техниканың істен шыққанын айтып, тұрғындар талай шағымданды. Қазір қала бойынша ескі электр желілері мен бағаналар да жаңартылып жатыр. Қараша айына дейін 54 шақырымдық электр желісі жаңартылатын болады. Қаланы жарықтандыру және ескі электр жүйесін жаңғырту жұмыстары келер жылы да жалғасады. Жергілікті билік биыл тағы 50 трансформаторға тапсырыс беріп отыр.

Тілеужан Меңдәлиев, қалалық электр желілері мекемесінің бас инженері:

- Қазір 50 дана КТП-НГ орнатылды. Әрқайсысының қуаты 630 килоВатт-Ампер. Сондай-ақ бұрынғы тозған электр сымдарын ылғал мен желге төзімді жаңа изолцияланған жүйеге көшіріп жатырмыз. Біз өндірілген электр энергиясының әрбір үйге жетуіне мүдделіміз.