Алматыда қатты ыстық күтіледі – Қазгидромет

Алматы облысында 6-8 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

«Алматы облысында күндіз 6-8 қыркүйекте 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорган қ.: күндіз 06-08 қыркүйекте 35-37 градус қатты ыстық күтіледі», деп жазды Қазгидромет РМК.