Өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды

Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аяқталды.

Бүгін 9 ерлер және 5 әйелдер командасы жауынгерлік қанат жаюдағы біріншілік үшін күресті. Олар қызыл жалынмен арпалыстың шынайы үлгісін паш етті. Нәтижесінде ерлер командалары арасында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Үштікті Чехия және Австрия құрамасы түйіндеді.

Әйелдер арасындағы жарыста Чехия, Беларусь, Қазақстан құрамалары жүлделі орындарды өзара бөлісті.