Елімізде көкөніс науқаны аяқталды

Елімізде суару алқаптарын цифрландыру қажет. Бұл туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Биыл оңтүстік өңірлердегі қуаңшылыққа қарамастан көкөніс науқаны жемісін берді. Дер кезінде су қорын жинаудың арқасында отандық ауыл шаруашылығы мамандары жиын-терімді сәтті аяқтады.

Елдегі көкөніс баптауға арналған судың 97 проценті оңтүстікке тиесілі. Өнімділікті сақтауға арналған шаралар нәтижесінде Түркістандағы мақта алаңы 18 мың гектарға, Қызылордада 7 мың, Алматы облысында 2,5 мың гектарға қысқартылды. Қырғызстан, Өзбекстандағы су қоймаларынан су алу бойынша келісім жасалды. Әсіресе Шу-Талас бассейнінде су тапшығылы қатты сезілген болатын. Бұл биылғы нәтиже. Министр алдағы уақытта суды тиімді қолдануға көшу қажеттігін еске салды.