Халық санағы: бес күнде 300 мыңнан астам қазақстандық қатысты

Елімізде жалпыұлттық халық санағы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн-форматтағы сауалнамаға 300 мыңнан астам адам қатысқан. 5 күннің қорытындысы бойынша елорда тұрғындары көш бастап тұр. Нұр-Сұлтанның 46 мың тұрғыны санақтан өтті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Алматыдағы санақ сауалнамасына 43 мыңнан астам тұрғын жауап берген. Шымкент қаласы санаққа белсенділігі жағынан үшінші орында. Ал ең төменгі көрсеткіште - Маңғыстау мен Атырау облыстары. Бұл өңірлерде әзірге 3 мыңнан астам ғана адам сауалнамаға қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, санақты онлайн режиміде 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz сайты арқылы өтуге болады. Одан кейін үй-үйді аралау басталады.