425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

QazVac-тың үшінші клиникалық зерттеу жұмысы аяқталды

  • 98
  • UPD: 15:25, 06.09.2021
QazVac-тың үшінші клиникалық зерттеу жұмысы аяқталды

Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, QazVac авторы Күнсұлу Закарья мәлімдеді.

Қазір отандық вакцина дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының тексеруінен өтіп жатыр. Әзірге оның нәтижесі әлі дайын емес. QazVac-тың үшінші кезеңіне қатысты қорытынды есеп нәтижесі оң болса, отандық вакцина туралы ғылыми мақалалар әлемнің жетекші басылымдарында жарық көрмек. Отандық вакцинаны жасауға 3 мың адам қатысып отыр.

Күнсұлу Закарья, биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

- Егер QazVac-тың үшінші кезеңі бойынша барлық клиникалық зерттеу есебін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мақұлдаған жағдайда біз қазақстандық вакцина туралы көпке танымал журналдарға мақала жария етпекпіз. Осылайша отандық ғылымның жетістігін дәріптеуді көздеп отырмыз. Әзірге мақаланың қай уақытта, қандай журналда жарияланатыны белгісіз. Себебі бұл бірнеше ай уақытты талап етеді.

Хабар 24 телеарнасы