Алматыда карантин талаптарын бұзғандар 225 млн теңге айыппұл төледі

Жыл басынан бері 5 мыңнан астам алматылық тұрғын карантин талаптарын бұзғаны үшін 225 миллион теңге айыппұл төлеген.

Олар қоғамдық көлікте, саябақтарда, алаңдарда және басқа да қоғамдық орындарда бетперде кимеген. Мұнымен қоса қаладағы кәсіпкерлік нысандары да карантин талаптарын елемейді. Мониторингтік топ ортақ талапты бұзған 165 мекемені анықтаған. Олар негізінен бильярд, караоке клубтары, мейрамханалар мен дәмханалар. Аталған нысандарда жұмыс уақыты сақталмаған, сондай-ақ келушілер саны шектен асқан. Жалпы жыл басынан бері заңды тұлғаларға қатысты 600-ге жуық хаттама толтырылып, 65 мекеме жұмысын тоқтатты.