425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Қазақтелеком» елорданы GPON желісімен қамту аймағын кеңейтеді

  • 127
  • UPD: 04:46, 07.09.2021

Биыл сегіз айда «Қазақтелеком» компаниясы елордада 70-тен аса тұрғын үй кешенін Джи ПОН желісі арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосты. Жыл соңына дейін 100-ден асыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 300 үй кезекте тұр. Компания мамандары бірер күн бұрын екі мыңдай пәтері бар Apple City кешенін ғаламдық желіге қосып, тұрғындарға қуаныш сыйлады.

Apple City тұрғын үй кешені «Қазақтелеком» компаниясының биылдыққа интернетке қосқан 72-үй. Тұрғындар бұл күнді көктемнен бері күткен. Өйткені бұған дейінгі байланыс операторының қызметі көңілден шықпапты. Енді оптикалы талшықты желі арқылы пәтер иелері секундына 200 бен 500 мегабит аралығындағы жылдамдықтағы интернет пен 200-ге жуық телеарнаға қосылды.

Әйгерім Қосыбаева, Apple City тұрғыны:

- Біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені жоғары жылдамдығы бар жақсы провайдер келді «Қазақтелеком». Бір пакет ішінде саған телевизор көруге болады, интернет қолдануға болады және телефонмен. Қолданысқа өте жеңіл. Өйткені бағасы да қымбат емес. Берілген қызмет пакеті өте үлкен.

«Қазақтелеком» ұсынатын оптоталшықты интернетке елорданың өзінде 100 мыңнан астам обонент қосылған. Жыл сайын көбейіп келеді. Apple City тұрғындарынан бір күнде 200-ден астам өтініш түсті. Мамандар бір-екі тәулікте барлығын қосамыз деп отыр.

Дамир Сейсембеков «Қазақтелеком» АҚ орталық ӨТД В2С сегментінің коммерциялық директоры:

- Біз оптикалы талшықты желіні пәтерге дейін жеткіземіз. Негізі интернетке қосылудың басқа да тәсілі бар. Өзге байланыс операторлары көбіне сол технологияны қолданады. Яғни желіні кіреберіске әкеліп пәтерге сымсыз байланыс орнатады. Бұл тәсілдің жаман жері интернетке көп адам қосылғанда жылдамдығы азайып кетеді. Біз желіні әрбір пәтерге жеке-жеке жеткізгендіктен сапасына кепілдік береміз.

«Қазақтелеком» компаниясы тұрғын үй кешендерімен қоса қала маңындағы жеке тұрғын үйлерге де интернетті жеткізу бойынша тың технологияларды қолдана бастады. Пилоттық жоба Қосшы қаласында іске асып жатыр. Қазірдің өзінде 100-ден астам абонент қосылған. Алдағы уақытта олардың саны көбейетініне сенімді. 

Талғатбек Әбдіқожа, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы