Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу нәтижесінде сүт бағасының өсуі күтілмейді – ҚР АШМ

Бірқатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында таңбалаудың енгізілуіне байланысты сүт бағасының қымбаттауы туралы хабарлама жарияланған. Бұл туралы ҚР АШМ Баспасөз қызметі хабарлады.

Авторлар сүттің бастапқы құны 29% – ға, ал соңғы тұтынушы үшін 40-50% – ға дейін қымбаттағанын айтады. Бағаның өсуі тауарларды таңбалау шығындары есебінен болады деп жазылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі уақытта Бірыңғай оператор сүт өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба жүргізіп жатқанын хабарлайды. Пилоттық алаңды еліміздің 4 өңірінде әртүрлі өндіріс көлемі бар 7 сүт өңдеу кәсіпорны ұсынған.

Барлық процестер «Атамекен» ҰКП мен салалық қоғамдық бірлестіктердің тікелей қатысуымен ведомствоаралық деңгейде жүзеге асырылады. Реттеушілік әсерді талдауды келісуге және барлық қажетті нормативтік құжаттарды қоғамдық талқылауға бизнес өкілдері де қатысуда.

Пилоттық жобаны жүргізу кезінде әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен құқықтық салдарлары ескерілетін болады.

Осыған байланысты, пилоттық жоба аяқталғанға дейін сүт өнімдері бағасының қымбаттауы туралы тұжырымдамалар мерзімінен бұрын жасалған деп санаймыз.