Шығыс қазақстандықтар дабыл қағуда

Шығыстағы Күршім ауданының халқы дабыл қағып жатыр. Осы аудандағы бірнеше елдімекенді жарып ағатын Қалжыр өзені соңғы бірнеше күнде түсініксіз түске боялған.

Судың лайланғанын байқаған тұрғындар видео-фотоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялап жатыр. Өзін Боран ауылының тұрғынымын деп таныстырған видео авторы өзен өткен жексенбіден бастап лайлана бастағанын айтады. Ал кешелі бері түсі өзгеріп, ерекше қоюланып кеткен.

Ал Қалжырды жағалай қоныстанған 10 шақты елдімекен осы өзеннен егіні мен малын суарып отыр. Халықтың айтуынша, қазір судың лайланғаны соншалық мал, ішпей қалған.

Бірнеше құзырлы органнан құрылған комиссия өзеннен сынама алынып ол арнайы зертханаға тексеруге жіберілгенін хабарлады.

Күршім ауданы тұрғындары өзенді осы өңірдегі алтын шаятын компаниялар былғап жатыр деген болжам айтады.

Жалпы, Қалжыр өзенінің бұлай ластануы алғаш емес. Осыдан бір жыл бұрын да болған. Сол кезде облыстағы осы салаға жауапты құзырлы органдар тексеру жүргізгенімен өзеннің неліктен ластағанғанын сол беті ашып айтпаған.