Атырауда браконьерлерге қолдау көрсеткен балық қорғаушылар ұсталды

Атырауда браконьерлерге қолдау көрсеткен балық қорғаушылар ұсталды

Атырауда браконьерлерді қанатының астына алып, қолдау көрсеткен балық қорғау инспекциясының қос қызметкері қолға түсті, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың бірі балықшылармен Теңізден қайтып келе жатып ұсталған. Моторлы қайық мінген күдіктілерден 50 су маржаны тәркіленіпті. Ал екінші қызметкер өз үйінде қолға түскен. Тінту барысында үйінен бағалы балық табылған.

Қос қызметкер де браконьерлерге қолдау көрсетіп, әр рейдтік шара туралы ақпараттандырып отырған. Сондай-ақ олардың Теңізге еш кедергісіз шығуына жағдай жасапты. Ол үшін сыйақы да алған. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қазір Жайық-Каспий бассейні балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын растап отыр.