423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«LV Force» қаржы пирамидасы анықталды. Агенттік азаматтарды абай болуға шақырады

  • 117
«LV Force» қаржы пирамидасы анықталды. Агенттік азаматтарды абай болуға шақырады

«LV Force» қаржы пирамидасы анықталды: Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға шақырады, деп хабарлайды Хабар 24, деп хабарлайды Хабар 24 ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «LV Force» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Бүгінгі таңда еліміздің 8 өңірінде қаржы пирамидасының филиалдары жабылып, бас ұйымдастырушы ұсталды.

Жаңа салымшылардың жарналары есебінен заңсыз байытудың қылмыстық схемасына азаматтар үгіт-насихат және мессенджерлер мен электрондық пошталар арқылы хабарламалар жіберу арқылы тартылған.

Агенттік азаматтарды абай болуға және қысқа мерзімде үстеме пайда алудың күмәнді ұсыныстарынан бас тартуға шақырады.

Құрметті азаматтар, егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз «LV Force» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен болса, Ақмола облысы бойынша ЭТД телефонына хабарласуыңызды сұраймыз!

+7 7162 25 62 84, +7 747 666 25 37.

Қалалардың басқа аймақтарының тұрғындары тұрғылықты жері бойынша ҚМА аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне хабарласа алады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы