425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Президент тапсырмасы: қай өңірде қанша мектеп салынады?

  • 108
  • UPD: 13:54, 07.09.2021
Президент тапсырмасы: қай өңірде қанша мектеп салынады?

Алдағы 5 жылда елде мың мектеп салынады. Президент тапсырмасы осындай. Салаға жауаптылар осы күні қай өңірге қанша мектеп салынатынын да жоспарлап қойған.

Қазір Түркістан облысында бала саны көп дейді. Сондықтан аймақта 131 білім ошағы бой көтереді. Жетісу өңірінде 85 мектеп іргесін қалайды. Сосын Алматы қаласында 66 білім беру мекемесі қолданысқа беріледі. Мамандар жыл сайын 200 мектептен салып отырсақ, мемлекет басшысының тапсырмасын орындап үлгереміз деп сендірді. Әлгінде айтқан өңірлерде үш ауысыммен оқытатын және апатты жағдайда тұрған мектептер де көп екен.

Жайық Мақсұтов, ҚР БҒМ бюджеттік жоспарлау департаментінің бас сарапшысы:

– Қазіргі кезде 34 апатты мектеп бар. 137 үш ауысымдағы мектеп жұмыс істеп жатыр. Биылғы жылы 200 мектеп іске қосылатын болады.  Осы 200 мектеп 13 апатты мектептің мәселесін шешеді және 25 үш ауысымдағы мектептерді жояды.

Хабар 24 телеарнасы