Үкімет инфляцияға қарсы шаралар кешенін бекітті

Өндірушілерге жеңілдікпен кредит және субсидия беру механизмдері кеңейтіліп, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын салу үшін субсидиялау нормалары ұлғайтылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатушылар үшін жалдау ақысы төмендетіледі. Бұл Үкімет отырысында айтылған инфляцияға қарсы шаралардың бірі. Азық-түліктен басқа тауарларға инфляция деңгейін тежеу үшін қажет болса, тапшы немесе ішкі нарықта қымбаттаған шикізат пен материалдарды сыртқа шығаруға шектеу енгізу көзделеді. Сонымен қатар медицина бірқатар медициналық тауардың шекті бағасын алдын ала бекіту қамтамасыз етіледі.Үкімет басшысы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға көзделген шараларды орындауға дереу кірісуді, Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысына мониторинг жасауды тапсырды.