Саяси қуғын-сүргін құрбандарының өлімге кесілген жерлері жайында тың деректер пайда болды

Жыл соңына дейін саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи құжаттар жинағы жарық көрмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мемлекеттік комиссия жанындағы жобалық кеңсе өткізген семинарда айтылды. Онда марқұмдардың өлімге кесілген және жерленген жерлері жайында тың деректер болмақ. Осы арқылы ұрпақтары ата-бабасы жайында мәліметтер алады дейді комиссия мүшелері.

Айта кетейік Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы комиссия құрылған болатын. Оның құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. Қазір еліміздің барлық аймақтарында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялар да жұмыс істеуде.