loader


Мектептерде күніне екі мәрте ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіледі

Бұл талап Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың 25 тамыздағы қаулысына сәйкес орындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

1 қыркүйекте дәстүрлі оқу форматы басталғалы білім ордаларындағы әр бөлме ұдайы түрде залалсыздандырылып келеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды. Мамандардың айтуынша, тазалық қызметінің өкілдері парта үстін, орындықтар мен есік тұтқаларын, баспалдақ пен терезе алдын дезинфекциялық заттарды пайдалана отырып күніне екі уақыт сүртіп отырады.

Айгүл Жұмағұлова, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мамандарымен білім беру ұйымдарының бөлмелерінде қабырғаны, төбені қоса алғанда дезинфекциялау жұмыстары қарастырылмаған. Тек мектептің техникалық қызметкерлерінің көмегімен күнделікті жүргізілетін екі уақыт ылғалды жұмыс залалсыздандыру дезинфекциялық заттарды қолданып жасалады.