425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Күршімдегі Қалжыр өзенін алтын өндіретін жеке компания ластауы мүмкін

  • 108
  • UPD: 20:07, 07.09.2021
Күршімдегі Қалжыр өзенін алтын өндіретін жеке компания ластауы мүмкін

Бұл туралы облыстық экология департаментінің инспекторлары хабарлады.

Құрамында құзырлы органның қызметкерлері бар комиссия қазір суды тексеріп жатыр.

Еске салайық, Қалжыр өзені соңғы бірнеше күнде түсініксіз түске боялған. Судың ластанғанын байқаған тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Айта кетейік, бастауын Қараертістен алатын Қалжыр өзенін жағалай 10 шақты елді мекен қоныстанған.  

Рауан Тұраров, облыстық экология департамнеті басшысының орынбасары:

- Былтырғы жылы бір алтын қазушы мекеме заңсыз әрекеттер жасаған. Осы мекеме заңсыз қазған жерлерді соттың шешіміне сәйкес өз орнына келтіріп жатыр. Сол себепті суды бөгеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан су лайланып жатыр. Енді судың құрамында химииялық заттардың асу-аспауы зертханада зерттеулер жүргізіледі. Соның нәтижесінде көреміз.

Хабар 24 телеарнасы