Қазақстанда «дінге сенбейтіндер құқығы» деген түсінік енгізіледі

Бұл туралы Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді.

Комитет төрағасының айтуынша, тиісті орган қазір әлемдік тәжірибеге сүйеніп, бұл түсінікті түзету ретінде қарастырып жатыр. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Дінге, конфессияға, этносқа қарамастан заң бәрінен жоғары. Сондықтан заң жақында орындалады деді комитет төрағасы.

Ержан Нүкежанов, дін істері комитетінің төрағасы:

– Бұған дейін өз баяндамамда дінге сенетіндердің де, сенбейтіндердің де құқықтарын толық қамтамасыз етуге тырысатынымызды айттым. Осыған байланысты біз әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, нақты түзетулер аясында «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігін енгізгіміз келеді. Яғни қазір «дінге сенетіндер құқығы» бар, сонымен бірге «дінге сенбейтіндер құқығын» да енгізгіміз келеді.

Сондай-ақ...