«Әкімдіктен қайыр жоқ»: елордадағы Талапкер ауылы қоқысқа көміліп барады

Елорда іргесіндегі Талапкер ауылының тұрғындары «қоқысқа көміліп отырмыз» деп шағымдануда.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қоқыс шығаратын мекемемен келісім-шарт жасауға көпшілігі құлықсыз. Сондықтан үйден шыққан қалдықты кез келген жерге тастап кете береді. 

Қоқысты қайда тастаймыз деп ауыл тұрғындары бас қатырмайды. Көше, мектеп ауласы, дүкен маңы, тіпті үйден шыққан үйіндіні қалаға таситын көрінеді. Ескі мектеп ішін ауылдағы ағайын қоқыс полигонына айналдырып алған. Ондағы иіс қолқаны қабады.

Сымбат Рызина, ауыл тұрғыны:

- Қазіргі таңда қоқыс мәселесінің жағдайын көтеріп жатырмыз негізі. Болашақта халық договорға отырса жәшіктер қойылады. Оған дейін әр үй өзіне арнап қойсын деп жатыр. Басқа адамдар келіп қоқыс жәшігімізге қоқысын тастап кетеді. Сол себепті толық 100 процент болған кезде онда общий қоқыс жәшіктер қойылады. 

Қоқыс жәшігі қандай жағдайда қойылады. Сұрап білдік. Қазір елді мекенде жалғыз компания бар. Әлгі қоқысты полигонға таситын. Бірақ елдің бәрі оларға ақша төлеп үйінен үйіндіні алып кетуге ыңғай танытпаса керек. Халық бір ауыздан келісім-шарт жасаған кезде ғана әр үйдің ауласынан жәшік те жай табады дейді жеке компания басшысы.

Сәбит Алпысбеков, қоқыс өңдеуші компания басшысы:

- Мен үшінші жыл қатарынан әкімдікке ұсыныс жасап келемін. Көпшілікке ортақ шарт жасап берсе. Яғни әр тұрғын адам санына емес, ауласына 1500 теңдеген төлеп отырса. Біздің компания қоқысты арнайы полигонға алып барушы еді. Аула да, ауыл да таза болушы еді. Бірақ әкімдіктен қайыр жоқ. 

Талапкерде 6 мыңнан астам адам тұрады. Оның 490 аула иесі ғана қоқыс шығаруға келісім-шарт жасаған. Елді мекен тұрғындарының көбі елордада жұмыс істеп нәпақа табады. Сондай-ақ күн сайын қалаға құр қол келмей қоқысты да ала келетінге ұқсайды.

Сондай-ақ...