Жыл басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,0%) Өзбекстаннан, 9,8%-і – Қытайдан, 6,8%-і – Түрікменстаннан, 2,5%-і – Моңғолиядан және 4,9%-і басқа елдерден келген.

«Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды», – ведомство таратқан ақпаратта.

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 27,1%-ті және зейнеткерлер 17,6%-ті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-і жоғары білімді, 39,4%-і орта кәсіби білімді, 45,7%-і жалпы орта білімді және 3,9%-нің білімі жоқ.