Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 8 мыңнан астам неке тіркелді

Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді.

Бұл мереке Елбасының Жарлығымен 2013 жылы бекітілген. Елордада отбасы институтын дамытуға және оның мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын қалада тіркелген некелер саны өсуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын Отбасы күніне орай Нұр-Сұлтанда бірінші кезекте отбасы мәртебесін арттыруға, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға, жастардың бойында жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Осы күнді мерекелеу аясында Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен сегіз жылдан бері «Мерейлі Отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіліп келеді. Ол бірнеше кезеңнен тұрады – өңірлік және республикалық деңгейде. Осы жылдың өзінде елордада байқауға қатысуға 120 отбасы өтінім берді, оның ішінде еңбек әулеттері, көпбалалы отбасылар, кәсіпкерлер, әртүрлі салаларда жоғары жетістіктері бар спортшылар және т.б.

Есіл ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Раушан Зарированың айтуынша, елордада Отбасы күніне және басқа да атаулы күндерге орай ЭКСПО, Бәйтерек және «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағындағы Қазақстанның басты туы сияқты қаланың көрікті жерлерінің жанында салтанатты неке қию рәсімін өткізу дәстүрге айналған.

«Бүгінде Нұр-Сұлтанда неке қиюды және бала тууды тіркеу өсімінің оң динамикасы байқалады. Мысалы, тек Есіл ауданында айына мыңнан астам бала тууды тіркейміз. Пандемия осы екі көрсеткішке оң әсер етті, бұл сандардан байқалады. Неке көп болды, көптеген адамдар табыс табыс, мансап деп жүргенде бір-бірін жоғалтып алулары мүмкін екенін түсінді. Карантин кезінде жас жұбайлар құндылықтарды қайта қарастырғанын атап өтті. Олар қазір некеге жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Жас жұбайлардың орташа жасы қазір 26-28 жас, ал 4-5 жыл бұрын ол 22-23 жас болған. Некеге тек жастар ғана тұрып жатқан жоқ, 50-60 жастағы ересектер де бар», – деді Раушан Зарирова.

Оның мәліметінше, 2021 жылғы 1 қаңтардан 6 қыркүйекке дейін Нұр-Сұлтанда 8 197 неке тіркеліп, 23 306 бала туу туралы куәлік берілді. Салыстыру үшін 2020 жылдың ұқсас кезеңінде қалада 5 956 отбасы құрылып, 21 527 бала дүниеге келді, ал 2019 жылы – 5 104 неке және 13 248 бала туды.

«Біз сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға және барынша көмек көрсетуге мүдделіміз. Осылайша қалада 25, 50 және 60 жыл некеде тұрған күміс, алтын және гауһар мерейтой иелеріне құрмет көрсетіледі. Қалада мерейтойлардың символдық кітабы бар, онда салтанатты түрде естелік күні тіркеледі. Олар өзара сыйластықты, түсіністікті, мызғымас отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтайтын, жастарға үлгі болатын мықты буын», – дейді АХАТ бөлімінің басшысы.

Мәдениеттердің, дәстүрлердің араласуы ғана емес, олардың көбеюі орын алатын елордада интернационалдық некелер де аз емес, өйткені Қазақстан өзінің көпұлтты, толерантты, этностардың бірлігі және достығымен танымал.