Меншік иелері бірлестігін құру ісі ақсап қалды

Елімізде меншік иелері бірлестіктерін құру ісі баяу жүріп келеді. Осыдан 2 жыл бұрын басталған шаруа аяқсыз қалатын түрі бар. Бұл мәселені бүгін Мәжіліс депутаттары көтерді.

Айтуынша, ел бойынша көп қабатты 54 мыңнан астам үй бар. Соның тек 2 мыңға жуығында бірлестіктер құрылған. Көпшілік тұрғынжайды басқарудың жаңаша әдісіне көшуге дайын емес.

Меншік иелері бірлестігі жұмысының ерекшелігі – көп мәселе жиын арқылы шешіледі. Бірақ қазір қалыптасқан жағдайға байланысты жұрт болып жиылуға тыйым салынған. Одан бөлек бұл салада тұрғындарға беймәлім тұстар да жетерлік. Сондықтан үкімет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторына арналған «Е-шаңырақ» цифрлық платформасын әзірлейтінін айтқан. Әзірге бастаманың нәтижесі көрінер емес. Депутаттардың айтуынша, жергілікті әкімдіктер де жаңашылдықты жылдам енгізуге құлық танытпай отыр.