Өскемендіктер қала экологиясына алаңдаулы   

Өскемендіктер қала экологиясының күн санап нашаралап бара жатқанына алаңдаулы.

Олар әлеуметтік желіде, бірнеше күн бойы ауаның ластанғанын айтып, шағымданып жатыр. Көбі аяқ астынан тамағымыз ауырып, ыстығымыз көтерілді десе, енді бірі балаларымыз сырқаттанып қалды деп жазған. Шынымен де қалада соңғы үш күнде «жайсыз метеорогиялық жағдай» жарияланды. Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек осы аралықта атмосферада күкірт диоксидінің мөлшері 50 есе артқан. Дегенмен, Қазгидромет бұл мәліметті жоққа шығарып отыр. Мамандар жүргізген есеп бойынша, кеше ауадағы күкірт сутегінің үлесі 10 есе көбейген. Өйткені жел болмағандықтан, зауыттар мен көліктен бөлінген зиянды қалдықтар атомосферада жиналып қалған. Ал қазір жел тұрып, ауа тазарды.