Қазақстанда 20 мыңнан астам адам вакцинадан кейін ковидпен ауырған

Қазақстанда 20211 адам вакцина салдырғаннан кейін ковидпен ауырған. Бұл барлық екпе алғандардың  0,1 проценті.

Бірінші компоненттен кейін 7070 адам ковид жұқтырған. Ал екпенің екінші бөлігінен кейін 13 мыңнан астам адам ковидпен ауырды.

Жалпы статистика бойынша коронавиурспен ауырғандардың 99 проценті вакцина алмағандар. 

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:

– Қазақстанда  8 қыркүйекте КВИ оң нәтижесімен 824 мыңнан астам науқас, КВИ теріс нәтижесімен 71 мыңнан астам жағдай тіркелді. КВИ-мен ауыратындардың шамамен 88 пайызы сауығып шықты. Соңғы екі аптада ҚЗ  эпиджағдай тұрақталуы байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді.

Кейбір қазақстандықтар вакцина салдырғанына немесе ПТР тесттің теріс нәтижесіне қарамастан «Ashyk» қосымшасында статусы өзгермегеніне шағымданды.  Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұны техникалық ақаулармен байланыстырып, осындай проблемаға тапболғандарға қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына немесе санитарлық эпидемологиялық бақылау өңірлік департаментіне хабарласуға кеңес берді.

Айнагүл Қуатбаева - м.ғ.к., ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары:

– Біздің құзырымызда екі дайындалған маманымыз бар. Бүгінгі күні осындай сұрақтар болған жағдайда, әрбір өңірге әрбір лабораторияға байланысымыз бар. Біз тікелей шешуге көмектесіп ждатырмыз. Бүгінгі күні техникалық жағдайларға байланысты, кейбір жерлерде интернеттің баяу болуына байланысты осындай техникалық себептерге байланысты осындай жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан біз жеке дара көмектесуге дайынбыз.

19 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БАСТАЛАДЫ

Сондай-ақ 19 қыркүйекте тұмауға қарсы вакциналау басталады. Балалар, медицина қызметкерлері пен арнайы диспансерлік тіркеуде тұрғандар тегін егіледі. Ал қалған азаматтар өз қаражатына екпе ала  алады. Биыл министрлік тұмауға қарсы 2,5 миллион дана ресейлік вакцинаны сатып алды. Бұл халықтың 13 процентін егуге жетеді.

 

Сондай-ақ...