Елде вакцинаға қатысты тексеру тәртібі өзгерді    

Елде тексеріс басталды. Мониторингтік топ өкілдері жұмысшылардың екпе салдырған я салдырмағанын анықтауға кірісті.

Мамандар кәсіпорындарға барып, қызметкерлердің тізімін алады. Сөйтіп, олардың кез келгенін «Ашық» қосымшасы арқылы тексереді. Арасында вакцина салдырмағандары анықталса, олардың жұмысқа келуіне шектеу қойылады. Егер тәртіпті тағы бұзса, жұмыс берушілерге қомақты айыппұл салынады.

Ақылбек Смағұлов, «АТАМЕКЕН» ҰКП кәсіпкерлер құқықтарын қорғау департаментінің директоры:

– Мониторингтік топ кәсіпорындарға келген бойда өздерінің акт сәйкестігін көрсетуге тиісті. Оның ішінде QR коды болуы керек. Және осы топтың барлық мүшелерінің өздерінде «жасыл» статусы болуы тиіс. Бұл талаптар сақталмаса, кәсіпкерлер оларды объектіге кіргізбеуге құқы бар.

Сондай-ақ...