Жетімдер үйінің директоры 26 млн теңгені қолды қылған

Елордадағы жетімдер үйінің есепшісі мен директоры 26 млн теңгеге жуық қаражатты қолды етті.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, қаражатқа балаларға арналған азық-түлік алынуы тиіс болатын. Бұл мақсатта 130 млн теңге бөлінген. Күдіктілердің еншілес бақылаудағы компаниямен келісімшарт жасасқаны белгілі болды. Бұл ұйымды Бас есепшінің бұрынғы күйеуі басқарған. Қазір аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.