425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Солтүстік қазақстандықтар қазба жұмыстарын тоқтатып тастады

  • 100
  • UPD: 23:55, 08.09.2021
Солтүстік қазақстандықтар қазба жұмыстарын тоқтатып тастады

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының тұрғындары кәріз құбырының салынуына қарсы шықты. Олардың айтуынша, елді мекеннің бүкіл қалдығы істемей тұрған тазарту станциясына келіп құяды.

Бұл Бескөл ауылындағы «МЖК» дейтін шағын ауданында тұратын адамдар. Кеше олардың көшесіне ауыр техникалар келіп, қазба жұмыстарын бастамақ болған. Бірақ жергілікті жұрт тоқтатып тастады. 

Сайлау Нұрғазы, Бескөл ауылының тұрғыны:

–Кеше таңертеңгі 9-да үлкен техникалар келді мынау Бескөлдің жаман суын жіберетін траншия қазамыз деп, біз халық болып жиналып тоқтаттық техниканы. Енді біз сіздерден сұраймыз соны көмектесуге. Өйткені халықпен ақылдасқан жоқ.

Тұрғындар бүгін де көшеге шықты. Бұл жолы аудан әкімінің атына хат жазып, қол жинап жатыр. Олар кәріз құбырының салынуына үзілді-кесілді қарсы.

Қайыргелді Қамыспаев, Бескөл ауылының тұрғыны:

– Мұнда әлгі қалдықтарды тазартатын ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан бұл жерде жаз болса мүңкіген иіс, анау шыбын-шіркей деген сияқты бүкіл әлгі аурулардың қоздырғыштары – бәрі осы жерден табылады.

Мәселе мынада – бұл маңда тұрмыстық қалдықтар төгілетін тоған мен кеңестік кезеңде салынған су тазарту станциясы бар. Бірақ ол істемейді. Сондықтан иістеніп тұр. 

Міне, тұрмыстық қалдықтар тура ауылдың іргесіне төгіліп жатыр. Иісі қолқаны қабады. Тұрғыныдардың айтуынша, күніне осы жерге 100 – ден аса осындай көлік келіп – кетеді екен.

Елді мекенде бұдан басқа қалдық шығаратын жер жоқ. Оны кәсіпкерлер де айтып отыр. «Бізге тыйым салынса Петропавлдағы биотоғанға апарып төгуге тура келеді. Жол ұзақ. Онда қызмет көрсету бағасы көтеріледі», - дейді олар.

 

Шенеуніктердің айтуынша, жер астындағы құбыр әбден тозған. Биыл оны ауыстыруға 100 млн. теңге бөлінді. Кәріз желісі болашақта салынатын су тазарту станциясына қосылады. Оның құжатары дайын. Бірақ мемлекет тоқтатып тастаған.

Ерлан Исаев, Мердігер ұйымның директоры:

– Кәріз құбыры орнатылады. Оның шаршы метрі – 7 шақырым. Ол осы жерден өтеді. Сосын ауылдың ішімен жүреді айналдыра. Алдындағы ескі құбырлардың бәрі жарамсыз деп есептеліп жатыр. Сондықтан жаңартуға сондай шешім қабылданған болатын.

Қайсар Әмірин, Қызылжар аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

– Кәріз құбырларын тоқтатуға мүмкіндік жоқ. Өйткені қазір Бескөл ауылында 80-нен астам 2 этажды, 3 этажды үйлер бар.  Аурухана, мектеп – барлық мекеме соған қосылып отыр. Тазалау бекетін салу болашақта жоспарда бар. Құжаттары дайын тұр. Егер моратрий алынатын болса, онда салынады.

Тағы бір мәселе, үйлер мен қалдық төгілетін тоған бір-біріне тиіп тұр. Енді шенеуніктер берілген жерлердің заңдылығын тексермек. Тұрғындар да қарап қалмаймыз деп отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев Петропавл 

Хабар 24 телеарнасы