Кейінгі екі жылда еліміздегі су айдындары 900 рет ластанған

Атмосфералық ауаға да зиянды заттар таралып, қоршаған ортаға залал келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Сенат отырысында айтылды. Депутат Андрей Лукиннің сөзінше, бұл салада мемлекеттік бақылау ақсап тұр. Оның үстіне, бюджеттен бөлінетін қаражаттың қайтарымы аз. Қазір қоршаған ортаны қорғау ісіне шамамен 1 жарым млрд теңге қаралады. Сондықтан экология саласына тәуелсіз сарапшыларды тарту керек дейді сенатор. Осы орайда Маңғыстау облысындағы радиоактивті қалдықтар алаңы мысал ретінде көрсетілді. Аумақтағы залалды жою үшін бюджеттен қаржы бөлінген, бірақ оны игеру жағы кемшін. Жергілікті билік іске білек сыбана кіріспей отыр. Ал алаңда 52 млн тонна зиянды қалдық жатыр.

Сондай-ақ...