425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сенатор: Жамбыл облысының өрт сөндіру қызметі жаңғыртылуы қажет

  • 109
  • UPD: 15:45, 09.09.2021
Сенатор: Жамбыл облысының өрт сөндіру қызметі жаңғыртылуы қажет

Жамбыл облысы өрт сөндіру қызметінің автокөлік паркі жаңғыртылуы қажет. Бұл туралы сенатор Бекболат Орынбеков мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, аймақта бұл мақсатқа бар болғаны 136 техника бөлінген. 26-сы мүлдем ескірген. 20 жылдан аса пайдаланылып келеді. Таяудағы жарылыс кезінде де 18 техника жарамсыз болып қалды. Өрт сөндірушілер саны да жетіспейді.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Жамбыл облысы өрт сөндіру бөлімшелерінің штат санының аздығына байланысты кезекші қарауылдың жауынгерлік есебі толық көлемде ұйымдастырылмайды. Атап айтқанда, облыс аумағында барлық аудандық өрт сөндіру бөлімдерінде жеке құрам саны орта есеппен 20 адамды құрайды. Оны 4 кезекші қарауылға бөлгенде тәуліктік кезекшілікте 3-5 адам есепте тұрады. Осылайша, 6 адамдық жауынгерлік есебі бар өрт сөндіру көлігі 3 адамға толық жинақталмай, екінші автоцистерна тіпті жауынгерлік есепсіз қалады. Сондықтан ірі өрттер мен басқа да төтенше жағдай туындаған жағдайда дабыл бойынша қызметтен бос жеке құрамды жинау есебінен жасалады.

Хабар 24 телеарнасы