Қостанай облысында үй карантинін бұзушылар көбейді

Қостанай облысында «Ашық» жүйесі арқылы анықталған карантин талабын бұзушылар саны екі есе артты.

Тамыз айында аймақта бір мың жеті жүзге жуық адам үй карантинін бұзып, қоғамдық орындарға барған. Оның жартысынан көбі коронавируспен ауырып, «қызыл» мәртебесі барлар. Он төрт күндік карантинді бұзған азматтардың есімдері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді

Геннадий Кукоба, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚОФ директорының орынбасары: 

- Заң бұзушылар саны көбейіп келе жатқаны рас. Бірақ екінші жағынан «Ашық» жобасында тіркелген кәсіпкерлік нысандар артып келеді. Өткен айда республика бойынша олардың үлесі алты есеге ұлғайды. Ал біздің облыстағы көрсеткіш 4700-ге жетіп, екі есеге өсті.